Точим ине эктомиясы – Оңтүстік Кореяда жетілдірілген иглотерапия тәсілі. Бұл Қытайда пайда болған. ‘‘То’’ сөзі пышақ және ‘‘чим’’ ине мағынасын береді. Ауыр дерттерде емдеуде бұл процедура қарапайым инеден арттырылады. Қан айналымды жақсартады, қысылып қалған жүйкені емдейді, бұлшық ет пен сүйектердегі ірікпелерді жояды және қабыну процесін кетіреді. Бұрын білеік және тарзальді канал синдромын тек хирургиялық жолмен ғана емдеуге болатын. Қазір бұл қол жетімді бағадағы қауіпсіз жол инеэктомия арқылы емдеуге болады.
Мен буын ауруымен қиналған едім, бұл маманнан ем алу маған көмектесті. Бұрын әкесі емдеп еді, қазір оның ұлынан ем алып жүрмін. Мен өзім дәрігер болғандықтан, қабылдау сапасын жоғары бағалай аламын: зарарсыздандырылған инелер, барлық санитарлық нормалар сақталған, айналадағы тазалық, бір сөзбен айтқанда, өте таза. Сондай-ақ, осы медициналық орталықта мен массажистке және басқа мамандарға бардым, олардың барлығы өз саласының шеберлері деп айта аламын. Шығыс медицинасына мұндай баға қалыпты, орташа. Мен бұл маманның қызмет сапасына толығымен қанағаттанамын!
Құраметті Hansol медициналық орталық ұжымы сіздерге жасаған емдеріңіз үшін алғыс айтуға рұқсат етіңіздер.
Мен Салих Бекберген, осы орталыққа 5-қазан күні Ақтау қаласынан келіп ем алдым.
Hansol медициналық орталығын интернет жүйесі бойынша таптым.
Мен осы орталыққа белім ауырып, жаурыным құрысып, оң жақ саным ұйып, өзімді шаршаңқы сезініп, табандарым ауыратын күйде келдім.
10 күндік курс алғаннан кейін өзімді жақсы сезінемін және табаным да ауырғанын қойды.Маған хиджама процедурасы өте қатты ұнады.
Өзімнің атымнан Hansol медициналық орталығының ұжымына, оның ішінде Ли Дже Вон профессорға мың алғыс. Барша ұйымға мың алғыс.
Соңғы 3 жыл ішінде мен осы маманның тұрақты клиенті болдым. Бұл емхана туралы қарама-қарсы мекемеде түскі ас кезінде жарнаманы көріп кездейсоқ білдім. Өзім гипертониядан азап шеккендіктен, бұл жарнама мені қызықтырды. Сол кезде бірден клиникаға барып көруге бел байлағаныма өте қуаныштымын! Иглотерапия мен қан шығару курсынан кейін ауруым енді мазаламайтын болды. Енді айына бір-екі рет, өзімді нашар сезінген кезде процедураға келіп тұрамын, ал нәтижесін бірден сезінемін. Менің денсаулығым қазір қалыпты. Тұрақты клиенттер үшін жасалатын жеңілдіктер қуантады. Мен медициналық орталықты достарым мен таныстарыма әрдайым мақтаймын.
Мен бұл маманға ауыр жарақаттан кейін келдім. Бірнеше күндік терапиядан кейін мені аяғыма тік тұрғызғаны қатты таңғалдырды! Бұл жайды түсіндіру мүмкін емес! Маған дәрігер өте ұнайды және клиника атмосферасы да өте жақсы. Маған дәрігер мен медбикелердің әр қадамдын түсіндіріп, қандай манипуляциялар мен не істеп жатқандықтарын түсіндіргендері ұнады. Дәрігер сонымен қатар, маған не болғанын, оның емдеу жоспарларын егжей-тегжейлі айтып береді. Аз уақыт ішіндегі жақсы нәтижеге бірауыздан маманның кәсібилігіне жоғары баға қоя аламын және де ем бағасы да толықтай ақталды деп санаймын.
Қазіргі уақытта мен осы маманнан емнің жарты курсын бітірдім, сондықтан да қазірге ештеңе айта алмаймын. Әрине жағдайым жақсы болып келе жатыр. Бұл клиникада маған атмосфера мен пациенттерге деген көзқарас ұнайды. Әзірге шағымдарсыз тек оңды тұстарды айта аламын.
Мен созылмалы бронхитпен осы маманға жүгіндім. Біздің клиникалардағы дәстүрлі медицинаның маған еш көмегі болмады, бірақ мұнда олар дәрі-дәрмексіз емдей алды! Мен корей медицинасын қатты бағалаймын, жалпы өзім Кореяға медициналық тексерулерге жиі баратынмын, қазір Алматыда осы клиникаға барамын. Корей дәрігерлерінен бірден сапа мен кәсіби шеберлік сезіледі, маған бұл медициналық орталықтың қызметкерлері де қатты ұнайды. Олармен салыстырғанда, біздің жергілікті қызметкерлер барлық жағынан алғанда көк пен жердей, соған байланысты олардың бағасы да төмен емес. Сондықтан да, бұл өте керемет дәрігер және олар зейнеткерлерге жеңілдіктер де жасайды.
Мұнда емделгеніме өте разымын. Омыртқа грыжасын емдеп едім, 3-4 сеанстан кейін нәтижесін бірден сездім. Негізі бұл дәрігер туралы жақсы пікірлер естіп, өз спортшы таныстарымның ұсынысымен келдім. Сонымен қатар, қызметкерлері өте жақсы қарсы алады, қызмет көрсетуі де өте жоғары деңгейде, жалпы мед.орталық өзіме қатты ұнады. Мұндай сапаға толықтай қолайлы баға деп ойлаймын.
1 жылдам астам уақыт бойы дертіме ем іздеп көптеген дәрігерлерден ем алғаныммен еш көмегі болмады. Бұл жерден ауруыма шипа тауып, оң нәтиже алдым. Ұқсас жайттарды естісем, өз таныстарыма бұл дәрігерді қуана ұсына аламын.
Керемет маман иесі! Инсульт алғаннан кейін массаж, электрофорез және инетерапиясы курсын алдым. Нәтижесі бірден байқалды. Интернет жүйесінен көптеген мамандарды іздеген едім, осы маманға тап болғаныма қуаныштымын. Оған қоса, қызметкерлері де сыпайы, медорталықта көңілімнен шықты. Бірақ бағасы арзан емес, әрине қазір барлық жерде сондай, дегенмен өз бағасын ақтайды.
Мен Утесбаева Жанар, 30 қыркүйек айынан бастап Хансоль мед центрінде ем алдым. Ем сəтті өтуде. Тіземнің ауырғаны кетті. Дəрігер мен медбикелердің кəсіпқойлылығын айтып өтуге болады. Мед қызметкерлері өте жайдарлы.
Сол жақ бетімнің үш тармақты жүйкесіне суық тиіп, бір жақ бетім қисайып, жансызданып кетті. Хансоль корей медициналық центрінің докторы Ли Джонгмокқа қаралғалы бері, қан қысымым түсіп, бет әлпетім жақсы болып қалды. Дәрігер бірден көре сала, токты ине және физиотерапия жасады. Бірінші күні ем қолғанннан әсері болды. Ақ халатты абзал жандар дәрігер Ли Джонгмокқа айтар алғысым шексіз, еңбегіне табыс, деніне саулық тілеймін. Сонымен қатар аудармашылар, медбикелер мен есепші қыздарымызға да айтар алғысым көп. Еңбектеріне жеміс, әрқашан жүздерінен күлкі кетпесін.
Мен Хансоль мед.центрінде ине алдым жəне қан алдырдым. Айтқым келгені, мұндай жақсы нəтижені күтпедім. Мені 2 жыл бойы бас ауруы мазалап еді, 2 сеанстан кейін бірден жеңілдеп қалдым. Емге 2күнде 1 рет келемін. Клиника жұмысы өте сапалы. Дəрігер Ли Дже Вон жəне дəрігер Ли Джон Мокқа алғысымды білдіргім келеді. Олар өз ем əдістерімен көп науқасқа көмектесті деп ойлаймын. Барлық ұжымға жетістік жəне сəттілік тілеймін.
Мен Хансоль медициналық центріне қан қысымым 170/100 болып, қатты ауырып келдім. Мені бірден сол күні емдеді. Біраз денсаулығым жақсы болып қалды және шөп дәрілер берді. Шөп дәрілерді ішіп, міне 7 курстан кейін өзімді жақсы сезіне бастадым. Қан қысымым түсіп, ауырған жерлерім басылды. Тәбетім де ашылды. Дәрігерден де көптеген кеңес алдым. Мен бұл центрге келіп, ем алғаныма ризамын.
Қайырлы күн! Барлығына өз алғысымды білдіргім келеді!
Омыртқа жарақатынан кейін 25 жыл бойы өз денсаулығыма қарап емделумен болдым. Көптеген жақпа майлар, массаж, йога, мануалды терапия алдым. Тек 2 ай бұрын ғана Hansol клиникасы туралы естідім. Қазір осы клиникада Паль Чедиль Шығыс ультрадыбыс терапиясының 2 курсын бітірудемін. Мен мануалды терапевт ретінде сүйек, табан ауруларында, аяқ ісінуінде, варикозда, протрузия жəне тағы басқа бел омыртқа ауруларында, лимфостазда осы терапияны қабылдауды ұсынамын.
Ол үшін Ли Джонг Мок дəрігердің қабылдауына баруыңыз керек. Өте жоғарғы деңгейдегі маман.
Сүйек, бұлшық ет ауруы кетіп, иық сүйегі де түзуленді. Кеуде аймағындағы кифоз да кетті жəне травматикалық сколиоз да жақсарып, ісіну де кетті. Емнің екінші кезеңінде тұзды вибромассажды камера мен лимфодренажды қабылдағанда қан айналымы жақсарып, аяқ ісігі кетті. 4 процедурадан кейін дене ісігі кетті. Аяқ, жамбас, тізе жəне іш майлары кетіп киімнің 1 өлшеміне кішірейді.
Диетасыз жəне ешқандай дəрісіз. Өзімді жасарып қалғандай сезіндім. Белімнің, аяғымның ауруы басылып, аяқ – қол буындарым жеңілдене түсті.
Сонымен қатар, аяқ саусағына киілетін корректор сатып алдым да, сколиозға, бел-омыртқа ауруына, аяқ ісігіне, варикозға, аяқ буындарының ауруына қалай əсер ететінін бақыладым. Корректорды 1апта тағып жамбас сүйегінің түзелгенін, табан ісігінің, жүрісімнің жеңілдегенін байқадым.
Менің есімім Алтынай. Хансоль клиникасына остеохондроз диагнозы жəне соның əсерінен басталған жақ сүйегі мəселесімен бардым. Жағымды ашқанда ауырып қашырлады. Ем курсын соңына дейін аяқтамасам да емнің нəтижесіне көңілім толды. Маған ине қойды, қан алды жəне физиологиялық емдеу курсын алдым. Жағым кеңінен ашыла бастады. Желкемнің ауырғаны кетіп, бас сақинам да басылды. Ұйқым тынышталды. Ісіну де кетті. Дәрігер - өз саласының нағыз маманы. Массаж жасаушы Мадина массажды өте керемет жасайды. Оның массажынан кейін өзімді өте жеңіл жəне 10 жылға жасарып қалғандай сезіндім. Өте сыпайы қызметкер. Жақын арада міндетті түрде ем курсымды аяқтаймын!